Шекарадан 100 мың доллардан астам сома өткізу үшін ақшаның шығуын растау қажет
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2020 жылдың 4 ақпанынан бастап бір жеке тұлға 100 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде өткізген кезде, жеке тұлғалардың жолаушылар кедендік декларациясымен бір мезгілде қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растайтын құжаттарды табыс етуін көздейтін ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 "Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығуын растау үшін құжаттарды ұсыну туралы" шешімі күшіне енгенін хабарлайды.
Шешім ЕАЭО Кеден Кодексінің 261-бабы 1-тармағының 9-тармақшасына сәйкес дайындалды және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) 32 "Қолма-қол ақша курьерлері" ұсынымын жүзеге асыруға бағытталған.
Осы ұсыным терроризмді қаржыландыру немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін ұсынушыға арналған айналым құралдарының шекара арқылы нақты өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын анықтау және тоқтату (ұстау) үшін ФАТФ қатысушы елдермен шараларды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Ұсынылатын құжаттар жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегі туралы мәліметтерді растауы тиіс. Мұндай құжаттар ретінде: конверсиялық операциялар жасау, шоттан ақша қаражатын алу, кредит алу кезінде кредиттік ұйымдар ресімдейтін құжаттар; азаматтық-құқықтық мәмілелердің жасалғанын (мұра, сыйға тарту және басқалар) растайтын құжаттар, сондай-ақ жалақы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылуы мүмкін.
Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуге жол берілмейді.