Жаңалықтар тізбегі
0

Лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 7 тұлға сотталды

bezformata.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 21:59 bezformata.com
Пара берушінің өзі де кәдімгі жемқор деп саналады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 29 тұлғаға қатысты 21 айыптау үкімі шығарылды, олардың 7-еуі түрлі деңгейдегі басшылар, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас бостандығынан айыруға – 4 тұлға, бас бостандығын шектеуге – 8, жалпы сомасы 45 млн теңге еселі айыппұлдарға – 17.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 7 тұлға сотталды.

Мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің азаматтары жемқорлық үшін әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікті де түсінуі керек. Пара бергені, алғаны, делдалдығы, көмектескені және пара беруге итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Лауазымды тұлғаға пара бергені үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 367–б.) 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру (егер пара аса ірі мөлшерде болса, бұл 10 мың АЕК-тен астам), сондай-ақ мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан және т. б. айыру сияқты елеулі айыппұлдар мен қосымша санкциялар көзделген.

Алайда, басқа адамдар алдындағы әлеуметтік жауапкершілік пен жемқорлықтың әсерінен қоғамда болып жатқан салдарлар неғұрлым ауыр жаза болып саналады, олар тек жемқорға ғана емес, сонымен бірге оның кейінгі ұрпағына да қара күйе болып қалады. Пара беру сияқты қылмыс құрамының қоғамдық қауіптілігін пара алумен салыстыруға болатындығын атап өткен жөн. Яғни, "пара берушінің өзі де дәл сондай жемқор". Сондықтан, мұндай тұлғалардың іс-әрекеттері пара алушының іс-әрекетінен кем емес қоғамдық қауіпке ие.

Агенттік осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеуді қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

1. 2020 жылы 27-тамызда Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен:

- "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" ММ "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" КММ басшысы Д.Барбосынов (ҚК 361-б. 4-б. 3-т.) 4 жыл 8 айға бас бостандығын шектеуге;
- "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" ММ "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" КММ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі инженері А. Атжақсынова (ҚК 28 – бабы 5-бөлігі 361-бабы 4-бөлімі 3-тармағы) 2 жылға бас бостандығын шектеуге;
- Жеке кәсіпкер Б. Сатыбалдин (ҚК 28 – б. 5-б. 361-б. 4-б. 3-т.) 2 жылға бас бостандығын шектеуге;
– Жеке кәсіпкер Өтебалин (ҚК 28-б. 5-б. 361-б. 1-б.) к. 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Екі жеке кәсіпкер де мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.


2. 2020 жылы 16-қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен:

- "Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Б.А.Иманбаев қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды;
- "Елбол" ШҚ басшысы Е.Закен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Иманбаев "Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ қызметкерлеріне азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу қажеттілігі туралы, сондай-ақ оларды "Елбол" ШҚ-дағы әлеуметтік жұмыс орындарына одан әрі ресми жіберу туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікке ілінді, соның нәтижесінде 12 910 194 теңге сомасында бюджет қаражаты алдау арқылы жымқырылған.


3. 2020 жылғы 17-қыркүйекте Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Ж. Смақов 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сыйақы ақшалай қаражат жинау арқылы Кинологиялық орталық қызметкерлерінің еңбек қызметіне қамқорлық жасауда күдікті болған.


4. 2020 жылы 17-қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен "Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы" РММ басшысы М.Б. Мұхәділ 4 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды (бұрын Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының үй-жайын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды кедергісіз қабылдауға жәрдем көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдіктенген).

5. 2020 жылы 16-қыркүйекте Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға 30 мың теңге сомасында пара алуда күдікті болған "Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ басшысының орынбасары С.О. Сұлтанбай 900 мың теңге сомасында айыппұлға сотталды.

6. 2020 жылы 1-қыркүйекте Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен:

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы облысы бойынша "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" ШЖҚ РМК филиалының директоры Н.Н.Шымбаев пара сомасының 10 еселенген мөлшеріндегі 10 млн теңге айыппұлға;
- "Kaz Story A&G Company" ЖШС директоры А.Т.Тұрсынжанов пара сомасының 10 еселенген мөлшеріндегі 10 млн теңге айыппұлға сотталды.
Шымбаев Тұрсынжановтан "Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 1,5 мың орындық орта мектеп құрылысы" жобасына мемлекеттік сараптама жүргізгені үшін 1 млн теңге пара алу күдігіне ілінген.

7. 2020 жылы 15-қыркүйекте Жарма аудандық сотының үкімімен бюджет қаражатын жымқыруда күдіктелген Шар қалалық пошта қызметі қалалық бөлімшесінің бұрынғы бастығы Н.Ж. Қамшымбаева (кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты ҚК-нің 74-б. 1-б. тәртібінде жазаны 2 жылға кейінге қалдыра отырып) 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

8. 2020 жылы 7-қыркүйекте Алтай ауданының №2 сотының үкімімен "Алтай ауданы Октябрь кенті әкімінің аппараты" ММ бас бухгалтері О.А. Карпова 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол "№2 арнайы мектеп – интернат" КММ бас бухгалтері және "Алтай ауданы Октябрь кенті әкімінің аппараты" ММ бухгалтері болып жұмыс істеген кезеңде өзінің карточкалық шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болды.

Сотталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: