Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы Текелі қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыс әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыр Молдахметов Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Молдахметов Батыр Қайыркенұлы 1978 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "инженер-оқытушы", , Д. Қонаев атындағы университетті "құқықтану", Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "құрылыс" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған.
Ол Алматы облысы әкімі орынбасарының бас маман-кеңесшісі, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.
Бұған дейін Текелі қаласының әкімі қызметін атқарған Бақтияр Өнербаев қол астындағы қызметкерінің жемқорлық бойынша ұсталуына байланысты қызметінен кетті.