Шымкентте коронавирус кезінде "өкіртіп ақша тапқан" шенділер көзге түсіп қалды
РИА Новости
Жасанды тыныс алу аппаратын өте қымбат бағамен тіркеп, онда да сатып алуға жатпайтынын алып, бюджет ақшасына қол сұққандардың мәселесін қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "май шаммен" қарап жатыр.
Шымкентте жасанды тыныс алу аппараттарын тым қымбатқа сатып алуға жол бергендер жазалануы мүмкін. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Құзырлы органның дерегінше, маусым айында шамамен 257 млн теңгеге 12 ИВЛ аппараты мемлекеттік тапсырыс арқылы алынған. Ресейлік өнімнің әрбір данасы 21 миллион 400 мың теңгеге түскен.
Талғар СЕРІКБАЕВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:
- Атап айтқанда жалпы соммасы 40 млн теңгеге артық қаражат жұмсалған. Атап өту керек, бұл "Авента -М" аппараттары Ресей Федерациясына алдында шектеу қойылған. Кейіннен біздің Қазақстанда да шектеу қойылды. Бүгінгі таңда бұл факт бойынша денсаулық сақтау басқармасының тұлғаларына қатысты тиісті процессуалдық шара қолданылатын болады
Ал жасанды тыныс алдыру аппараттарының құнына қатысты денсаулық сақтау басқармасы ақпарат беруге үзілді-кесілді қарсы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript