Тоқаев тәуелсіздікке орайластырып, ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды тапсырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 02:07 Ақорда
Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Президентке бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді", делінген Ақорда сайтында.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Президент Мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді бақылауда ұстауды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: