Түркістан облысы сотының ісі сотта қаралып жатыр
express-k.kz
Сот отырысының нәтижесі шыққан соң ол жария етіледі.
Онлайн-брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі қазылар алқасы төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі қазылар алқасы төрағасының пара алу фактісін анықтады.
- Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында қаралуда. Сот отырысының нәтижесі шыққан соң ол жария етіледі, - деді шенеунік.
Осы қылмыстық істі тергеу шеңберінде агенттік Жоғарғы Сот судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Жоғарғы Сотқа ұсыныс жібергені белгілі болды.
Алайда ол Жоғарғы Сот судьяларының сот этикасы кодексін бұзуы туралы болжам расталмағанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript