Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейдің сепаратистік сайттарын бұғаттау керек – журналист

ТСН.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 21:05 ТСН.ua
Ертең "қилы заман орнап, қарағай басын шортан шалған" шақта Ресейдің арандатуына алдыра қоймайтын иммунитет бар ма?

Божконы абақтыға жабумен шовинистердің саны азаймайды. Орыс агрессиясына қарсы тұру кешенді шараларды қабылдауды қажет етеді. Оның 3 амалы бар, деген ойын жазыпты желіде Думан Бықай деген азамат.

Ресей пропагандасына төтеп беретін азаматтардың шоғырын (пулын) қалыптастыру. Оларды ертеңгі information warfare-ге, Шер ағаның сөзімен айтқанда мылтықсыз майданға баптап жарату.
Телеарнадағы Ерқанат, Нартай, Мақсат секілді шыныққан жігіттерді, сөзбен қажаса алар Мұхтар аға бастаған сақа саясаткерлерді, басқа да ұрт мінезді, өткір тілді азаматтардың күш-жігерін пропагандамен күреске бағыттау.

Былайғы уақытта кіммен кіржіңдеседі өз шаруасы, ал Ресейге жауап қатуға келгенде бұған дейінгі бас араздықты кейін шегере тұру. Баяғы бабаларымыз да сөйткен. Осылайша ертең "қилы-қилы заман орнап, қарағай басын шортан шалған" шақта Ресейдің арандатуына алдыра қоймайтын иммунитет қалыптастыру.

Екіншісі. Қазақстанның ақпарат кеңістігін іштен ірітіп отырған Ресейдің сепаратистік сайттарын бұғаттау! Блоктау - біздің биліктің қолынан келетін іс. Pravda.ru-да "Өскемен орыстың жері..." деп сандырақтаған "тіліне шоқ түскір" сарапшының сұхбаты жүр. Біз оқыған сұхбатты, Өскеменнің орысы аңдамауы мүмкін емес. Бұл мыңнан бір ғана мысал. Ілгерідегі Божко секілділерді осы тақылеттес контент ауыздандырып отыр.

Үшіншісі. Қазақстанның аумағи тұтастығына күмән келтірген, бүтін бір ұлтты көпе-көрнеу кемсіткен одақтасымыздың сарапшымақтарына санкция салу, "қара тізімге" кіргізу. Сөйтіп тәубесіне түсіру, амалы табылса айып-анжысын төлету. Бұлардың көпшілігі Қазақстанға келіп кетіп жүреді өйткені. Келуге мәжбүр. Әдетте одақты нәсихаттау үшін Мәскеуден бөлінетін ақшаны игеретін де солар. Әлгіндей әрекетке барсақ ешкім тонымызды шешіп алмас.

Бұл енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзіретіне кірер шаруа, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: