Коронавирус анықталған мектептер мен балабақша карантинге жабылды

123ru.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 22:26 123ru.net
Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Мектеп пен балабақшалардағы кезекші топтарға барып жүрген балалардың 16-сы коронавирусқа шалдыққан, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның екі облысында коронавирус инфекциясы білім беру ұйымдарының және балабақшалардың кезекші топтарынан анықталды. Барлығы - 16 бала, - деді Бағдат Қоджахметов ОКҚ-да өткен брифингінде.

Оның айтуынша, жұқпалы ауру анықталған барлық оқу орындары қазіргі кезде жабық, яғни олар карантинге жабылған. Науқас баламен байланыста болған - барлық отбасы мүшелері, мұғалімдер мен басқа топ пен сыныптағы балалар үй карантиніне көшірілді.

- Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушылардың барлығы тағы да КВИ-ге тексеріледі, - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: