Жаңалықтар тізбегі
0

Дубай – қазақтың арманы

facebook.com / diana.kokpenbek, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2020 18:22 facebook.com / diana.kokpenbek
Қазақта өз жерінде Дубай орнату мүмкіндігі болды.

Дубай – кез-келген қазақтың арманы. Мұнайдың арқасында салынғаны ғана Астанаға ұқсайды, әйтпесе Астананы он орайтын зор, әсем қала. Қазақтың бәрі біледі, егер біздің елде жемқорлық болмағанда және теңізге шығатын жолымыз болғанда – біз де Дубайдай болар едік, деп пайымдап қояды желіде Diana Idris деген бойжеткен.

"Құдай маған тәуір ми берді, бірақ ұятты аздау берді" деген кешегі Жомарт Ертаев сияқтылар сол Дубайдың көшелерінде жүргенді жаны сүйетін, бар жылтырақтарын тағып алып. Қазақта өз жерінде Дубай орнату мүмкіндігі болды. Бірақ қазаққа өз жерінде өз Дубайын салғанша, бір реттік масканы 2700 теңгеден сатып алып, одан түскен откатқа арабтың Дубайына бір аптаға барып келген оңай болды. Өздерін шейхтей сезініп, Феррари жалдап, туған жолындай болып кеткен теп-тегіс хайвеймен Абу-Дабиге қыдырып бару үшін.

Ал Қазақстанда баяғы бітпейтін бордюр ауыстыру әлі жүріп жатыр.

Құдай сақтасын, бізге Дубайдағыдай жолдардың керегі жоқ. Біздің шұрық-тесік жолдарымызбен жын ұрғандай жүретін, үшінші қатардан поворотнигін қоспай-ақ кілт бұрыла беретін шымкенттік жүргізушілеріміздің ондай жолда не істейтінін ойлаудың өзі қорқынышты.

Қазақтар Дубайда айыппұлға түсіп қалмау үшін өте тыныш жүреді, тәртіптің бәрін сақтап.

Өз жерінде арсыз мафиози сияқты жүреді. Көкем бар дейді прокуратурада, бәрін "шешіп" беретін. Қазақстанда жұмыс істеп, ақша табу керек. Өйткені ол ақшаға қыдырып, жұмсайтын жерлер жетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: