Цой Үкіметтен халықаралық әуе-қатынасын жандандыруды қоя тұруды сұрады
liter.kz
Министр қазір көптеген шетелде коронавирус індетінің өршіп жатқанын есепке алу керектігін айтты.
Үкімет отырысында Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын шектеп, басқа елдермен арадағы қосымша әуе рейстерін ашуды тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның сырттан енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен арада қосымша рейстердің қайта ашылуына тыйым сала тұрған жөн. Мысалы, Түркия Республикасына қатынайтын әуе рейстерәнің санын азайтуды ұсынамыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.
"Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесі талаптарды белгілеу керек: термометрия, сауалнама толтыру, COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек. Ал мұндай анықтамасы жоқтарды екі тәулікке карантинге қалдырып, тест нәтижесін күту қажет", - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript