Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін заңгерлер қауымдастығының кәсіби мерекесі

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 18:34 Википедия
30 қыркүйек заңгерлер күні болып саналады.

30 қыркүйек - Қазақстанның әділет органдары қызметкерлерінің күні. Осы дата еліміздің бүкіл заңгерлер қауымдастығы үшін кәсіби мереке, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда бұл мереке Президенттің Жарлығымен 2012 жылдың 28 тамызында ресми түрде бекітілді. 30 қыркүйектің таңдалып алынған себебі 1919 жылы дәл осы күні Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет әділет департаментін құру туралы қаулы қабылдаған. Кейін әділет бөлімі Әділет халық комиссариатына айналды. 1946-1949 жылдары Қазақ КСР-нің атқарушы билік органдары қайта жасақталып, құрылды, нәтижесінде 21 одақтық-республикалық министрліктер құрылды. Соның ішінде Қазақ КСР Әділет министрлігі де бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекет қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылықты қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: