Ақтөбеде "Q-net" қаржы пирамидасын құру фактісі тергелуде
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Q-net" компаниясына қатысты ҚР ҚК 217 бабының 1-б. негізінде қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Компанияның тіркеуді тәуелсіз өкіл ретінде сағаттар, алқалар, сақиналар және т.б. түріндегі зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ шетелге тегін саяхат сапарлары мен құны шамамен 2000 доллар тұратын басқа да тұрмыстық тауарларды сатып алу арқылы ұсынатындығы анықталды.
Пайда табу үшін клиентке өзімен бірге 2 жаңа адамды алып келу ұсынылады. Олар жоғарыда аталған өнімдерді сатып алуы қажет, бұл жағдайда Компания оларға аптасына 1000 доллар көлемінде пайда табуға уәде етеді.
"Q-net" компаниясы сонымен бірге жаңа клиенттерді тарту мақсатында әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда белсенді жарнама жүргізеді. Сондай-ақ жаңа клиенттерді тарту, адамдарды манипуляциялау және оларды ақша қаражаттарын салуға сендіру тәсілдерін үйрету үшін тәуелсіз өкілдермен үнемі тренингтер өткізеді.
Осыған байланысты Компанияның клиенттері тіркеу және ақша қаражатын салу үшін банктерден және басқа қаржы институттарынан 2000 АҚШ доллары көлемінде несие рәсімдейді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.