Нығматулин Әзербайжан Мәжілісінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 21:26 ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Тараптар Таулы Қарабахтағы қақтығыстың ушығуына байланысты жағдайды талқылады.

Әзербайжан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Сахиба Гафарова телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар Таулы Қарабахтағы қақтығыстың ушығуына байланысты жағдайды талқылады.

Нұрлан Нығматулин шетелдік әріптесіне қазіргі жағдайда бейбіт келіссөздер арқылы ғана мәселе шешімін табуға болатындығы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мәлімдемесінде көрсетілген қазақстандық тараптың ұстанымын жеткізді.

Әңгіме барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: