Жаңалықтар тізбегі
0

Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарында ұлтаралық татулық жайы талқыланды

ҚР АҚДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 15:09 ҚР АҚДМ
Жергілікті мемлекеттік органдардың этносаралық саладағы өзекті міндеттері талқыланды.

2020 жылғы 24-29 қыркүйек аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин бастаған мониторинг тобы әкімдіктердің этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы нақты жұмысымен танысу, әрі әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы облысына барды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг тобы Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы әкімдіктердің этносаралық қатынастарды дамыту саласында жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. Жергілікті этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметін уақыт талаптарына сәйкес жаңғырту мәселелері талқыланды.

Жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы айтып берді.

Сапар барысында жергілікті мемлекеттік органдардың этносаралық саладағы өзекті міндеттері талқыланып, министрлік әзірлеген әдістемелік ұсыныстар мен жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдері түсіндірілді.

Бұдан басқа, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, сондай-ақ этносаралық шиеленіс пен қақтығыстың алдын алу бойынша талдамалық, әдістемелік, ақпараттық, ақпараттық-түсіндіру қызметі мәселелері бойынша орталық және өңірлік деңгейлерде бірлескен жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимыл алгоритмдері келісілді.

Сапар соңында Қаскелең қаласы, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле және Балқаш аудандары әкімдіктерінің қызметкерлеріне қорытынды семинар ұйымдастырылды. Семинарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағдарлары белгіленді, әкімдіктердің этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: