Синоптиктер қазан айының ауа райы қандай болатынын айтты
Қазан – күзден қыс мезгіліне ауысу уақыты. Осы айда ауа райы, әсіресе солтүстік өңірлерде, өзінің тосын мінезін көрсетеді. Мұнда тіпті бұрқасын болуы мүмкін, ал ең суық жылдары қар жамылғысы да пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Консультативтік болжамға сәйкес 2020 жылдың қазан айында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлеріне суық арктикалық ауа массаларының жиі келуі және Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан еліміздің оңтүстік-батысына жылудың шығарылуы күтіледі. Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С төмен болады.
Ағымдағы жылдың қазан айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында нормадан көп болады деп болжанады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -2+7°С, күндіз ауа біртіндеп +12+20°С дейін жылынады, оңтүстік жартысында және батыста - түнде +5+13°С, күндіз +17+25°С болады деп күтіледі. 5 қазаннан бастап Солтүстік циклонмен және арктикалық атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын түседі. Солтүстік жартысында жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысуы мүмкін, тұман және желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшеюі мүмкін. Жауын-шашынның тоқтауымен күзге тән суық түндер мен ашық желсіз күндер келеді. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірінші онкүндікте ауа температурасы:
батыста кезеңнің ортасында түнде 0,+5°С дейін, күндіз +12+17°С дейін;
солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста кезеңнің ортасында және соңында түнде -1-8°С дейін, күндіз 0,+7°С дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста онкүндіктің соңында түнде 0,+5°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз +7+12°С дейін;
оңтүстік-батыста онкүндіктің ортасында түнде +5+12°С дейін, күндіз +15+20°С дейін төмендеуі күтіледі.
Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін республиканың қалған аумағында көтеріледі.
Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр – негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде, жауын-шашын (жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысады) – солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында болжанады.
Жылу толқындармен жекелеген күндері ҚР оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында күндіз ауа температурасы +15+25°С дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +10+20°С дейін жылынуы мүмкін.
Суық толқындармен ауа температурасы:
ҚР солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -1-10°С дейін, күндіз 0,+5°С дейін;
еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс жартысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +2+10°С дейін төмендеуі мүмкін.