Жаңалықтар тізбегі
0

Терроризм мен экстремизмді қаржыландыру тізімінде тұрғандар төлем жүргізе алады

rulenta.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2020 20:42 rulenta.com
Аталған бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Терроризм мен экстремизмді қаржыландыру бойынша тізімде тұрған тұлғалар төлемақы алып, бюджетке төлем жүргізе алатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығын жаңа редакцияда мазмұндады

Енгізілген түзетулер тізбедегі тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына орнатылған минималды жалақы сомасы көлеміндегі ақшалай төлемақы алуға мүмкіндік береді:

- жалақы түріндегі алынған төлем

- еңбек демалысы түріндегі алынған төлем

- зейнетақы, қызметтікк іссапар шығындары, шәкіртақы, жәрдемақы, ҚР заңнамасына сәйкес басқа да әлеуметтік төлемдер.

Сондай-ақ, бюджетке салық, коммуналдық және әлеуметтік төлемдерді, өзге де міндетті төлемдерді, өсімпұл пен айыппұл төлемін жүргізуге мүмкіндік пайда болды.

Қаржы мониторингі субъектілері күдікті операция ретінде жолдаған хабарламаларды (еңбек демалысы және жалақы түріндегі) өңдеу уақыты 72 сағаттан 24 сағатқа қысқартылғанын атап өткен жөн.

Аталған бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: