Жаңалықтар тізбегі
0

Кедендік бақылау барысында қандай критерийлер ескеріледі

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2020 22:45 Pixabay
Мемлекеттік кірістер комитеті СЭҚ қатысушыларын ашық болуға және өз міндеттемелерін адал орындауға шақырады.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылау объектілері мен нысандарының таңдалуы қағидатын негізге алады, осы мақсаттар үшін біз тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланамыз, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мемлекеттік кірістер органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін құру кезінде біз тәуекелдің жоғары деңгейі салаларына назар аудардық, яғни біз барлық жүктерге жаппай бақылау жүргізбейміз, мысалы, 2020 жылдың 8 ай ішінде тауарлар импорты кезінде кедендік бақылаумен тауарларға арналған декларациялардың 39%-ы қамтылған, оның ішінде тек 10%-ы физикалық бақылауға (тексеріп қарауға, сараптамаға) келеді, тауарларға арналған декларациялардың 61%-ы жүйемен автоматты түрде шығарылған.

Сондай-ақ кедендік бақылау нысандарын саралап қолдану мақсатында біз субъект-бағдарланған тәсілді қолданамыз, атап айтқанда, СЭҚ қатысушыларын олардың фискалдық көрсеткіштеріне сүйене отырып, тәуекел деңгейінің төмен, орта және жоғары санаттарына бөлеміз.

Бізге бұл не береді? Автоматтандырылған есептеу арқылы біз сенімді компанияларды анықтаймыз, оларға қатысты бақылауды олар "жоғалып кетеді" деп қорықпай, тауарды шығарғаннан кейін жүргіземіз. Әдетте, бұл жақсы кедендік және салықтық беделі бар ірі және тұрақты компаниялар, олар бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және нарықта өздерін дәлелдеді, төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешегі жоқ, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері жоқ және т.б.

Бүгінгі күні қолданыстағы кеден заңнамасына, сондай-ақ жалпы әлемдік практикаға және Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес санаттауда пайдаланылатын тәртіп туралы мәліметтер, өлшемдер құпия ақпарат болып табылады және тек қызмет бабында пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылады.

Жалпы алғанда, құпия ақпаратты ашпай-ақ, біз тәуекел деңгейінің төмен санатына мыналарды:

- "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 80-бабының 7-тармағына сәйкес дипломатиялық өкілдіктерді (елшіліктер, консулдықтар);

- уәкілетті экономикалық операторларды (бұдан әрі – УЭО) – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 529-бабының 3-тармағына сәйкес УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар. УЭО тізілімі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған;

- сыртқы экономикалық қызметті екі жылдан астам жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерді – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар. Осы тізбе Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған;

- отандық тауар өндірушілерді – Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тауарлар өндіруді немесе Қазақстан Республикасында тауарларды жеткілікті қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар. Бұл ақпаратты біз ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен аламыз. Статистика комитетінің ақпараты бойынша осыған ұқсас ақпарат stat.gov.kz сайында бар;

- инвесторларды – жобалары іске асырылған не іске асырылу сатысында тұрған арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларды, инвестициялық келісімшарттар жасасқан инвесторларды, жобалары Республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген инвесторларды, сондай-ақ жобалары үкіметаралық келісімдермен реттелетін инвесторларды жатқызамыз.

Сонымен қатар, төменгі тәуекел деңгейіндегі СЭҚ қатысушыларына қатысты кедендік тазарту кезеңінде кедендік құнды бақылау жүргізілмейді, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаумен (құқық иеленушінің келісімінсіз тауарларды әкелу тәуекелі, контрафактілік өнім), тыйым салулармен және шектеулермен (лицензиялауға, сертификаттауға жататын тауарлардың импорты кезінде, сондай-ақ тыйым салулар мен шектеулерге жататын тауарларды әкелу кезінде) байланысты жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеріп қарау және сараптама тағайындалмайды.

Бұдан басқа, кедендік бақылау Қазақстан Республикасының және басқа елдердің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарынан түскен Қазақстан Республикасы заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы ақпарат бойынша, сондай-ақ мұндай ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында болған кезде жүргізілуі мүмкін.

Тәуекелдің жоғары деңгейіне жатқызылған СЭҚ қатысушылары кедендік бақылауға неғұрлым бейім, оларға біз соңғы 12 айда салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешегі, әкімшілік не қылмыстық бұзушылықтары бар компанияларды, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті 1 жылдан аз жүзеге асыратын компанияларды жатқызамыз.

Осыған байланысты, құрметті СЭҚ қатысушылар, кедендік бақылау шараларын барынша азайту үшін біз сіздерді ашық болуға және өз міндеттемелеріңізді адал орындауға шақырамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: