Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қатысты тергеу жүріп жатыр

2gis.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 17:52 2gis.kz
Бұл іске қатысты күдікті тұлғалар жоқ.

Бұған дейін прокуратура Алматы денсаулық сақтау басқармасын тексерген болатын. Кейіннен оларға қатысты талапқа сай емес медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша тергеу басталғаны белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz редакциясы сауалына берген ресми жауапта айтылады.

17 қыркүйекте Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров журналистерге өз ведмоствасына құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас сұққаны туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, олар Covid-19-қа қарсы күреске бөлінген ақшаны мақсатты жұмсау жайына байланысты тексерісті бастады. Бірақ ол тергеудің қандай бапқа сүйенгенін айта алмаған еді.

Осыған байланысты біздің редакция Алматы прокуратурасына сауал жолдады. Ондағылар аудиттің нәтижелері бойынша 17 тамызда "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды деп жауап берді.

Тергеу тауар жеткізушілердің талаптарға сәйкес келмейтін медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуі фактісі бойынша басталды.

- Бұл іске қатысты адамдар күдікті ретінде танылмады, делінген прокуратура жауабында.

Тергеуді Алматы қаласының арнайы прокурорлары басқармасы жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: