Жаңалықтар тізбегі
0

Таулы Қарабақтағы шиеленіс: Әзірбайжан Қазақстаннан көмек сұрады

Pixabay Pixabay
Әзірбайжан қазір Қазақстанның моральдық және саяси көмегіне мұқтаж. Біздің елден ресми Баку Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы Арменияға тоқтау салуды сұрап отыр.

Әзірбайжан Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Арменияны тоқтатуды сұрап отыр. Біздің елдің әзір оған қатысты ресми мәлімдемесі шыққан жоқ. Ал Таулы Қарабақтағы атыс-шабыс осымен сегізінші күн жалғасып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әзірбайжан жағы бүгінге дейін 10 елдімекенді басып алғанын мәлімдесе, Армения оны жоққа шығарып әлек. Соңғы мәліметтер: Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, жағдайдың ушыққаны соншалық, қазіргі қақтығыс 2016 жылғы оқиғадан анағұрлым күрделі. "Жағдайды ушықтырып отыр" деп, Түркияны айыптайды. "Сол үшін Түркия өз әскерін араластырып, тіпті Сириядан лаңкестерге дейін әкеліп жатыр" - дейді Пашинян.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

- Мұның барлығы Түркияның империалистік мүддесінің айғағы. Олар баяғы Түрік империясын қайта құрғысы келеді. Оның үстіне Түркия араға 100 жыл салып, армян халқына геноцид жасау үшін Оңтүстік Кавказ аумағына қайта оралып отыр. Өйткені армяндар қазір Түркияның солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысқа қарай өрісін кеңейтуіне соңғы кедергі болып тұр.

Пашинянның айтуынша, Еуропа Түркияны қазір тоқтатпаса, олар осы қарқынмен Австрияға дейін баруы мүмкін. Алайда Әзірбайжан бұл соғысқа түрік әскерінің араласуын мүлде жоққа шығарып отыр. Ел президенті Илхам Әлиев кеше Жәбрәйіл қаласы мен тағы 9 ауылды бақылауына алғанын айтқан. Және олар мұнымен тоқтамақ емес.

Илхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:

- Армяндарды Ливаннан Қарабаққа көшіру деген не? Ол – Женева конвенциясының бұзылуы. Минскі тобы мен Еуроодақ оған мән бермейтінін айтты. Енді неге қазір назар аудара қалды? Бізді қазір жоқтан өзгенің бәріне кінәлайды. Қарабақ – біздің жер. Біз сонда ораламыз. Қазіргі жағдайға ең алдымен Армения билігі мен біздің жердің жау қолында қалғанын қалайтын бірқатар елдер кінәлі.

Бейбіт келісімге келу үшін Әзірбайжан тарапы бірқатар талап қойып отыр – Армения Таулы Қарабақтан әскерін алып кетуі керек. Және аумақтың Әзірбайжан жері екенін мойындап, Әзірбайжан халқынан кешірім сұрауы керек.

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әзірге көмек сұраған жоқ. Дегенмен бірер күн бұрын ел аумағы атқыланып жатқанын дәлелдейтін деректер көрсететінін мәлімдеген.

5 қазанда Әзербайжан елшісі Рашад Мамедов Қазақстаннан көмек сұрап, мәлімдеме жасады.

- Халықаралық құқықтың талаптарына сай Әзірбайжан қазір Қазақстанның моральдық және саяси көмегіне мұқтаж, - деді ол.

Ресми Баку біздің елден Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы Арменияға тоқтау салуды сұрап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: