Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздар тағы бір тәжірибені тұңғыш болып бастады – Досым Сәтпаев

Кундуз Жолдубаева / Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 20:24 Кундуз Жолдубаева / Facebook
Қырғызстан деген Беларусь емес, деп пайымдайды сарапшы.

Қырғызстан бір саяси зертхана сияқты, үнемі саяси сынақтар жүргізілетін. Ол сынақтар кейде күтпеген, кейде кереғар нәтижелерге әкелсе де, бұл біз үшін өте қызық, деп жазды желіде саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Өйткені осы бір шағын республикада болатын жағдайлар жалпы Орталық Азияда аймағының тарихындағы тұңғыш тәжірибе болып отырады, дейді ол:

Екі революция, елден қашқан президенттер, өңірде тұңғыш рет парламенттік республика құруға талпынғандар да осы қырғыздар еді. Маңайындағы саяси жүйелердің бәрі суперпрезиденттік болғанына қарамастан. Міне, Қырғызстан тағы бір тәжірибені тұңғыш болып бастан кешуде. Парламенттік сайлаудан кейін басталған жаппай наразылық шеруі нәтижесінде бұрынғы президент Атамбаев түрмеден босатылды. Ол үлкен саясатқа қайта араласуы бек мүмкін, - дейді ол.

Қырғызстан деген Беларусь емес, деп пайымдайды сарапшы. Өйткені дейді:

Мұнда күш пен олигархтарға ғана сеніп, билікте отыра алмайсың. Елде талай жылдан бері әлеуметтік-экономикалық қиындықтар бар, жемқорлық пен саяси ойындардан шаршады халық, оған коронавирус қосылып, ақыры бұрқ етті. Ел биліктегі ескі адамдардың жаңа саясаткерлерге алмастырылуын қалайды. Парламенттік сайлауға қатысқан жастардың сайлау қорытындысын көргенде қаны қайнады, өйткені парламентке бұрын да депутат болған ескі адамдардың көпшілігі қайта кіріп кеткен, дейді Досым Сәтпаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: