Президент - Жээнбеков. Кремль Қырғыз еліндегі жағдайға түсінік берді
24.kg
Кремль барлық жағдай Конституция шеңберінде реттелетіндігіне үміт білдіреді.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қырғыз Республикасындағы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Кремль Қырғызстандағы жағдайға алаңдаулы, барлық күштер конституция шеңберінде әрекет етеді деп үміттенеді, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
- Біз бұған, әрине қатты алаңдаушылық білдіреміз және Қырғызстандағы барлық саяси күштер Конституция шеңберінде сол жерде қалыптасқан жағдайды тезірек шешуге күш табады деп үміттенеміз, - деді Песков.
Песков журналистерге Қырғыз еліндегі жағдайды реттеу қырғыздардың өз арасындағы ішкі диалог мәселесі екенін баса айтты.
- Қазір Жээнбеков - Қырғызстанның президенті. Ол қазіргі кезде мемлекет басшысы, ал қалғаны қырғыздардың ішкі диалогына қатысты, бұл жағдайды олар өзара шешуі керек, - деді Песков Кремль Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты қолдауға дайын ба деген сұраққа жауап бере отырып.
Песков, сонымен бірге сейсенбіде осы елдегі жағдайдың ушығуына байланысты Ресей мен Қырғызстан басшылары арасында телефон арқылы сөз болмағанын да қоса айта кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript