Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл ауруханасының төбесі құлап, қабырғасы қақырап тұр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 17:08 видеодан кадр
Суық тиген науқастар емделуге келіп, ауруын асқындырып қайтып жүр.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында бар-жоғы 15 дәрігерлік амбулаторияның 11-і ескіріп, әбден тозығы жеткен. Дені апатты жағдайда. Бірінің төсбесі опырылып, ал, бірінің қабырғасы қақырап тұр. Оның үстіне, қысы-жазы жылынбайтын көрінеді. 15 жыл бұрын берілген санитарлық автокөліктерінің де жүргенінен тұрғандары көп. Әсіресе, тоқырау жылдары аудан мәртебесінен айырылған Қоғалы өңіріндегі елді мекендерде жағдай мүшкіл, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қазыбек Қапанов, Талдыбұлақ ауылының тұрғыны:

"Төбесі құлағалы тұр, міне. Обал ғой тегі, адамның жатқанына. Кішкентай баламен келіп жата қалса, кішкентай бала шырылдап, шыдай алмайды. Біреуді басу керек пе, біреуге құлау керек пе, мынау?!"

1500-дей тұрғыны бар Талдыбұлақ ауылындағы мына дәрігерлік амбулатория жарты ғасыр бұрын балабақша ретінде салынған. Бұл күнде нысан әбден тозып, апатты жағдайда. Белағаштары опырылып, төбесі түскелі тұр. Қанша жамап-жасқағанымен, су өткен қабырғаның сылағы көтеріліп, едені де тесіле бастаған. Медбикелер де, науқастар да қай күні құлар екен деп үреймен күндерін өткізіп жатқандарын айтады.

Гүлдәри Қоршамбай, Талдыбұлақ ауылдық амбулаториясының қызметкері:

"Сырты да құлап тұр. Әйтеуір, күнде аттың боғымен сылап-сылап қойып, ақтап қоямыз. Бетін жылтырлап, Өздеріңізге де белгілі ғой. Апатты болып тұр, шын".

Талдыбұлақпен көршілес Көксу ауылындағы амбулатория да жаңалауды қажет етеді. Жылыту жүйесі де дұрыс емес. Ақ халаттылар қабат-қабат киіммен отырады. Ал суық тиген науқастар мұнда емделуге келіп, ауруымызды асқындырып қайтамыз дейді.

Маржан Асылханова, Көксу ауылының тұрғыны:

"Көксу ауылдық стационары - күндізгі бөлімі. Осы жерде келеміз. Балалармен келеміз, үлкен қарт кісілер келеді. Больницаның іші суық. Қыста да суық, жазда да суық. Бір жағында батареялары да жоқ".

Аудан орталығынан 120 шақырым шалғай орналасқан ауылдағы амбулаторияның санитарлық автокөлігі де әбден ескірген. Жиі бұзылады. Жүргенінен тұрғаны көп. Қысы қатты, қары қалың өңірде мынадай ескі көлікпен жүрудің өзі қорқынышты.

Майнұр Мырзақұлқызы, Көксу ауылдық амбулаториясының медбикесі:

"Тұрып қалады, сынып қалады. Өзіміз жарым түнде барсақ, мысалы, ауруды апарсақ, таңға жуық әрең жетеміз. Кейде сынып, әйтеуір сүйреп әкелеміз. Биыл білмеймін, енді... Қалай жүреміз? Енді, қайта рахмет, біздің жүргізушімізге, өзінің машинасымен апарады бізді".

Жалпы, Кербұлақ ауданындағы санитарлық автокөліктердің дені ескірген. 18-інің 4-уі ғана толықтай жүріп жүр.

Марат Ахметбаев, Талдыбұлақ ауылдық амбулаториясының жүргізушісі:

"2005 жылы алғанбыз. Міне, 15 жыл болды. Құдайға тәубә, жүріп жүр енді. Анда-санда сынса, өзіміз ремонттап, әйтеуір сваркілеп, аман-есен жүргізіп жүрмін".

Қайрат Ержанов, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

"Көліктерімізді тек жөндеу ғана емес, толықтай автопаркті жаңалау қажет. Барлығы ескірген. Ал, амбулаторияларға келсек, 15-нің 11-і ескі. Оның үстіне емдеу мекемесіне негізделген ғимараттар. Барлығын бұзып, қайта салу керек. Күрделі жөндеуге жарамайды".

Бас дәрігердің айтуынша, өңірдегі ескі амбулаторияларды алдағы 5 жыл ішінде жаңалау жоспарда тұр. Бірақ, оның өзі қаржының бөлінуіне байланысты. Ал жедел жәрдем бойынша, Кербулақ ауданына осы айда жаңадан 1 санитарлық автокөлік беріледі. Ол шалғайдағы Көксу ауылына жөнелтілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: