Жаңалықтар тізбегі
0

Президент ПТР-тестіні арзандатуды талап етті

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 20:25 inform.kz
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда ПТР-тесті құны тым қымбатқа бағаланады.

Мемлекет басшысы коронавирусқа тексерілу үшін тапсыратын ПТР- есттің бағасы удай қымбат екенін айтып, оны төмендету мәселесін қарастыру бойынша құзырлы органдарға тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"...Тағы бір мәселе - тесттің құны. Зертханалар желісінің кеңейіп, бүкіл әлемде оның арзандап жатқанына қарамастан, біздің бағаларымыз әлі шарықтап тұр: 10 мыңнан 18 мың теңгеге дейін. Бұл халықтың едәуір бөлігі үшін қолайсыз сома деп санаймын. Үкімет пен әкімдер тестілеудің қаржылық жағынан қолжетімді болуы мәселесін шешуге міндетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері кеңесінде сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бетперденің бағасы да тоқтала кетті.

"Басқа елдермен, атап айтқанда Ресеймен салыстырғанда, баға әлі де жоғары. Бетпердені айтамын. Соныдқтан оның бағасын айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ету қажет. Үкімет бетперде үшін шекті бөлшек сауда бағасын 60 теңге шегінде бекітуді жоспарлап отыр. Менің білуімде, Ресейде оның құны 20 мен 30 теңге арасында, яғни азаматтарға өте қолжетімді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне осындай бағалардың сәйкестігін талдауды және зертханалық қызметтер мен жеке қорғану құралдарына қатысты баға саясатының мониторингін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді бұл ретте Президент.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: