Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: қарыздық еңбек саласында құқықтар қорғалуы тиіс

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:04 Ж.Құспанов
Мәжіліс депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.

Құжат қарыздық еңбек саласын құқықтық реттеудің болмауына байланысты және соның салдарынан қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін қазақстандық азаматтардың еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алу мақсатында әзірленген. Сондай-ақ, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға конституциялық құқықтарының жаппай бұзылуына әкеп соғатын проблемалық мәселерлерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, алдағы жалпы отырыста Палата Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады.

Күн тәртібінің жобасында Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге қатысты, сондай-ақ, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мен бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заңнамалық түзетулерді жұмысқа алатын болады. Сонымен бірге, Палатаның бейінді комитеттері бірқатар ратификациялық құжаттарды қорытынды әзiрлеу үшiн жұмысқа алу көздейді. Атап айтқанда, Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) және Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: