Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин: ЕАЭО Еуропа мен Азия арасындағы "сауда хабына" әбден айнала алады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 23:31 primeminister.kz
Үкімет басшысы Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделін ауқымдандыруды және Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыруды ұсынды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ереван қаласына сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына қатысып, онда жаңа экономикалық шынайылық жағдайында ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы еркін нарықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық интеграциялық платформаны пайдалану және салық, кеден органдарының кеңейтілген электрондық өзара іс-қимылы негізінде ЕАЭО-ның салықтық-кедендік сенім кеңістігін қалыптастыруды ұсынды.

"Мұндай жағдайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Одақтың мүдделі елдерімен ортақ тауар бөлу желісін құру мүмкіндігін пысықтау туралы ұсынысы аса өзекті. Елдеріміздің географиялық орналасуын ескерсек, ЕАЭО Еуропа мен Азия арасындағы “сауда хабына” әбден айнала алады", — деп А. Мамин, ҚР-да құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделін ауқымдандыруды және Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыруды ұсынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 23:31

Премьер-Министр күш-жігерді Еуразиялық зияткерлік көлік жүйелерін құруға шоғырландыру қажет екенін атап өтті, бұл қазіргі инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануға және тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы ЕАЭО-да стратегиялық өткізу пункттерінде бірлескен тірек сынақ зертханаларын құру туралы бастама көтерді, бұл өнімнің үшінші елдердің талаптарына сәйкестігін растауға арналған шығыстарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 23:31

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын, трансшекаралық электрондық сауданы дамыту, ЕАЭО ішкі нарығындағы шығарып тастау мен шектеулерді жою жөніндегі жұмыс барысын, өткен жылғы ЕАЭО бюджетінің атқарылуы туралы есептерді, ЕАЭО-ның 2021 жылға арналған бюджетін қарады.

Экспортты дамытудың бірлескен шаралары және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бірлескен болжамдары туралы өкімдер қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: