Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтардың өтініші бойынша полиция Байсерке ауылындағы жол белгілерін өзгертті

әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2020 01:27 әлеуметтік желіден алынды
Себебі, аталған көшеге жету үшін айтарлықтай қашықтықты еңсеріп, бұрылып, кері қайтуға тура келетін.

Алматы облысында азаматтардың өтініші бойынша "ЖБИ" және Өтеген батыр, Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткеліндегі жол таңбасының тұтас желісі жойылды, сондай-ақ ол жерлерге полицияның қосымша жасақтары қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Іле аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Күштібаев Instagram әлеуметтік желісіндегі Ile_police парақшасында аудан тұрғындарымен онлайн-эфир ұйымдастырып, өткізген болатын. Тікелей байланыс кезінде аудандық полиция бастығы WhatsApp мессенджері, тікелей эфирдегі жедел желі телефоны арқылы келіп түскен барлық сұрақтарға, сондай-ақ онлайн қосылу кезінде де жолданған сауалдар мен өтініштерге жауап берді. Қорытындылай келе, ауданның бірнеше елді мекендерінде қосымша рейдтік іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында "ЖБИ", Өтеген батыр және Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткелінде мақсатты пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Ащыбұлақ және Боралдай кенттеріндегі күнделікті жол-көлік кептелістерін жою мақсатында полицияның қосымша жасақтары қойылды. Азаматтардың өтініші бойынша жолдың аталған учаскесі зерттеленіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейтін Байсерке ауылындағы жол белгілерінің тұтас желісі жойылды. Себебі, аталған көшеге жету үшін айтарлықтай қашықтықты еңсеріп, бұрылып, кері қайтуға тура келетін.

Сондай-ақ, тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуға ықпал ететін, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдарды тудыратын себептер мен жағдайлар, Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, жекелеген полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығы және басқа да өмірлік мәселелер қызықтырды.

Тікелей эфир көрермендерінің барлық өтініштеріне полиция полковнигі Марат Күштібаев түсініктеме жауап қайтарып, бақылауға алып, нақты тапсырмалар берді.

Эфирдің жағымды тұсы аудан тұрғындарының Іле ауданының басшылығы мен полиция қызметкерлеріне, олардың күрделі және қиын жұмыстарына айтқан алғыстары болды.

Атап айтқанда, Байсерке ауылының 25 жастағы тұрғыны полицейлерге бейнеөтініш арқылы көрсеткен орындарда тәртіп орнатқаны және онлайн эфир арқылы халықпен байланысқа шыққаны үшін алғысын білдірді. Ал 60 жастағы тұрғын дауыстық хабарлама жіберген, ол хабарламасында полиция бастығы Марат Әлімқұлұлы Күштібаевқа азаматтардың тілектеріне мұқият қарағаны үшін, бір күн ішінде жол қозғалысына ұзақ уақыт кедергі келтірген жол белгілерінің тұтас желісінің алынып тасталғаны үшін ризашылығын жеткізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: