Жаңалықтар тізбегі
0

Самұрық-Энергоның Алматыдағы барлық ЖЭО-лары газға көшеді

inalmaty.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 15:01 inalmaty.kz
2017 жылдан бастап Алматы ЖЭО-1 толығымен газ отынға көшірілді.

"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы ЖЭО-3-ті жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге қажетті корпоративтік рәсімдерді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

ЖЭО-3-ті көмірден газға көшірудің мүмкіндігін компания 2019 жылы алдын-ала есептеп, талдау жасаған болатын. Бұл жұмыс аясында сондай-ақ станцияны Алматы қаласының газ желісіне қосудың техникалық шарттары да қарастырылды.

Алдын-ала жүргізілген зерттеудің материалдары қазіргі уақытта компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Бұл орайда, қаржыландыру көздерін айқындауға қатысты сұрақтар, соның ішінде, бюджет қаражаты ма, әлде Қордың қаражаты ма, деген сұрақтар қазір талқылану үстінде.

2017 жылдан бастап Алматы ЖЭО-1 толығымен газ отынға көшірілді. 2020 жылы, қоршаған ортаға тигізетін әсерін мейлінше азайту жобасы аясында, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту және газға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл ауқымды іс-шаралардың бәрі компанияның: тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз ету; анағұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерін азайту жөніндегі негізгі стратегиялық мақсатына сай келеді.

ЖЭО-3 – "Самұрық-Энерго" АҚ-ға қарасты "АлЭС" АҚ-ның Алматы қаласындағы үш жылу орталығының бірі. Алматылықтарға ГРЭС атауымен танымал станция, қалада базалық қуат тапшылығы кезінде оны негізгі өндірушілердің қатарына жатады. ЖЭО-3 1962 жылы пайдалануға берілді. Өтеген батыр кенті деп аталатын өндірістік аймақта орналасқан кәсіпорын осы кентті және жақын маңайда орналасқан бірқатар өндіріс ошақтарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бүгіндері ЖЭО-3-тің ресурсы сарқылып, тиімділігі төмендеген.

Құрылыс аяқталған соң, экологиялық көрсеткіштерін айтпағанда, станцияның ресурсы едәуір ұлғайып, икемділігі арта түседі деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: