Жаңалықтар тізбегі
0

9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 18:03 primeminister.kz
Министр хабарлағандай, қыркүйек айында экономикалық үрдістердің позитивті жаққа өзгеруі байқалды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың жай-күйі туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Министр хабарлағандай, қыркүйек айында экономикалық үрдістердің позитивті жаққа өзгеруі байқалды. Көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс қайта белсенді бола бастады. Нақты секторда өсу сақталуда.

"Қыркүйекте өсу көрсеткен салалар саны артып, экономика жандана бастады. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3%-дан қаңтар-қыркүйек айларында минус 2,8%-ға дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды", – деді Р. Дәленов.

Нақты секторда өсу 2,2%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор салаларының көбінде және жекелеген қызмет түрлерінде өсу байқалуда. Олар - құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі.

Көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұру мен тамақтану салаларында төмендеу байқалды. Бұл 9 айдың көрсеткіштері.

"Егер қыркүйек айын жеке қарастырсақ, онда қызмет көрсету салаларының көбінде өсудің қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр. Өсу факторлары – экспорт, өндіріс, өндіруші емес секторларға тартылған инвестициялар", – деді Р. Дәленов.

Бұл ретте, экспорт 8 айда $31,9 млрд құрап, төлем теңгерімінің оң сальдосын $8,1 млрд деңгейінде қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда автомобиль экспорты 5,7 есе, ферросилиций – 5,4 есе, күнбағыс майы – 86%, темірден жасалған созба сым – 33, титан құймалары – 9,5% өсті.

9 айда өңдеу өнеркәсібінде өсу жалғасты. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 51,6%, фармацевтика – 39,8%, дайын металл бұйымдары – 18,9%, қағаз өнімдері – 15,1% және жеңіл өнеркәсіп – 14,1% өсті.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, жалпы экономика бойынша инвестициялар өсуде. Инвестициялар денсаулық сақтауда 85,7%, байланыста – 62,4%, сумен жабдықтауда – 27,4%, тұрғын үй құрылысында – 25,2%, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1%, өңдеуде – 7,3% және көлікте – 5,7% ұлғайды.

"Қыркүйекте салалардың көбі өсім көрсетті. Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық қызмет, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқалар. Осылайша, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады", – деді министр.

Өнеркәсіп бойынша жалпы алғанда өндіріс көлемдері сақталды. Бұл ретте тау кен өндірісі өнеркәсібі 2,2%-ға төмендеді, ал өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті.

Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады. Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім шығару 3,3%-ға өсті. Өсудің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр.

Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

"Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестиция өсімі байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысы және Шымкент қаласы көрсетіп отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары", – деді министр.

Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,5%-ға өсті. Жоғары өсу Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады.

9,6 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.

Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар - Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

Сондай-ақ 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей.

3 өңірде 3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары.

Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет.

1. Инвестициялар. Инвестициялық жобалар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттік бағдарламалар. "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Индустрияландыру" және "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды белсенді іске асыру.

3. Несиелендіру. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелендіру үшін шағын және орта бизнес жобаларын жедел іріктеу және қарастыру.

4. Қызмет. Санитарлық нормалар мен маска режимін сақтай отырып, бизнес қызметін қамтамасыз ету.

5. Бағалар. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлеріне баға мониторингін жүргізу және бағаның өсуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау.

6. Тиімділік. Экономиканы қолдауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: