Елордалық BMW жүргізушісіне бір жылда 2 млн теңге айыппұл салынған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 19:21 zakon.kz
Жыл басынан бері ол 98 рет жол ережесін бұзған.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының жиналған айыппұлдары көлемінің көптігі сонша, ақырында ол көлігінен айырылып тынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Борышкер" рейдтік іс-шаралары өз нәтижесін беруде, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі.

Мәселен, жыл басынан бері елорданың бір тұрғынына 98 айыппұл салынған.

- 2009 жылғы BMW 750 Li маркалы автокөлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Көлік иесіне жол ережесін бұзғаны үшін 98 айыппұл салынып, қарызы 1 757 270 теңгені құрады, борышкер айыппұлды мемлекетке төледі, - деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Борышкердің 98 айыппұлы бойынша іс тек бір жеке сот орындаушының қарамағына алынған. Сондай-ақ, жүргізушінің банктерге де қарыздары бары анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: