Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Үкімет басшысына еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 23:04 Ақорда
Сондай-ақ Президент Үкімет басшысының биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі есебін тыңдады.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар салада дамудың оң қарқыны байқалатыны баяндалды. Атап айтқанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,3 %-ға жеткен, құрылыс көлемі 10,5 %-ға, тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 9 %-ға немесе шамамен 9,6 миллион шаршы метрге артқан. Ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5%-ды құрады. Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 1 қазандағы мәлімет бойынша 91,1 миллиард долларға жетті.

Үкімет басшысының айтуынша, қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы ретте тамыз айымен салыстырғанда сауда-саттық 2,7 %-ға, байланыс 1,3%-ға, көлік және қойма 1,2 %-ға артқан. Қызмет көрсету секторындағы өсім шағын және орта бизнестің жанданғанын білдіреді. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

Премьер-Министр 11-12 қазан күндері Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары туралы есеп берді. Аталған сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтардың нақты жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізілді. Сонымен қатар екі ел үкіметтері Инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Онда құны 6,1 миллиард доллар болатын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген. Аталған құжат жоғары қосымша құны бар және пайдасы мол, сондай-ақ, ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие болатын өндіріс орындарын ашуға бағытталған.

Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің атқарған іс-қимылдарын атап өтіп, азаматтарымыздың денсаулығына, шағын және орта бизнестің жұмысына, сондай-ақ, жалпы экономиканың дамуына шетелде кең тараған коронавирус індетінің кері әсерін болдырмау үшін Премьер-Министрге еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: