Жаңалықтар тізбегі
0

Григорий Марченко Еуразиялық Даму Банкі Басқармасы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 23:14 kursiv.kz
2013 жылдың қазан айынан бастап ол тәуелсіз сарапшы болып саналады.

Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ) Басқарма төрағасының кеңесшісі болып Григорий Марченко тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы банктің сайтында хабарланды.

Григорий Александрович Марченко (1959 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген, Алматы қаласы) - танымал қаржыгер, банкир, экономист, Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің қолданысқа енгізілуі ісінің басы-қасында болған, еліміздегі қазіргі заманғы қаржы-банк жүйелерін "құрушылардың" бірі, Қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттігінің құрылуына тікелей қатысушы (қазіргі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі).

Марченко ҚР Ұлттық банкіне екі рет басшылық етті (1999-2004 және 2009-2013). 2005 жылдан 2009 жылға дейін "Халық Банкі" АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Осы жылдары ол штаттан тыс кеңесші және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап ол тәуелсіз сарапшы болып саналады.

Банк басқармасының төрағасы Николай Подгузов Марченконың кәсібилігі мен қаржы-банк саласындағы бай тәжірибесі пайдалы әрі сұранысқа ие болатынына сенімді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: