Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар күшейтіледі

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 03:22 Pixabay
Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 14 қазаннан бастап карантиндік шаралардың күшейтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Covid-19 індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданды", деп жазды қала басшысы Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен 14 қазаннан бастап карантиндік шаралар күшіне енеді:

Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60% - ы қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары - ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау қажет.

Екіншіден, кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Толтырылуы 30 орыннан артық емес.

Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін). Жұмыс күндері де, демалыс күндері де.

Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18 сағатқа дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі.

Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті.

Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.

Үшінші. Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесе күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын ұстану бойынша заңбұзушылық фактілерін анықтау жұмысын күшейтуі қажет. Рейдтер көптеген нысандардың санитария-эпидемиология нормаларын қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай рецидивистердің қызметі тоқтатылады, - деді әкім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: