Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин: жаңа заң азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғайды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 17:29 Ж.Құспанов
Құжат қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығы сақталуын, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Қай кезеңде де еңбек мәселесі өте маңызды. Сондықтан бұл саланы әрқашанда заң деңгейінде қорғау үшін дер кезінде нақты қадамдар жасалып келеді. Соның бірі бүгінгі біз мақұлдаған заң жобасы. Осы құжатта қарыздық еңбекті реттеу деген нормалар енгізілді. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтау жолында тағы бір жаңа мүмкіндік деуге болады, - деді.

Сонымен қатар осы Еңбек кодексінде қабылдаушы және жіберуші тараптар жұмыскерінің құқықтары мен міндеттері ескерілген. Мәселен, қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысынан төмен емес жалақы мөлшерін реттейтін нормалармен толықтыру ұсынылған. Сондай-ақ, қарыздық жұмыскердің еңбек қызметі уақытындағы жазатайым оқиғалар кезіндегі тергеп-тексеру тәртібін және персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: