Жаңалықтар тізбегі
0

Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 19:58 gov.kz
Тараптар Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және еліміздің Дүниежүзілік Банк анықтайтын "Мемлекеттік басқару индикаторлары" бойынша қол жеткізген жетістіктері мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті. Ол Қазақстандағы жемқорлықпен күрес саясатын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін - 14 қыркүйегінде Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Сондай-ақ, кеңеске АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы ұйымның орталық кеңсесінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандары қатысты.

Тараптар Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және еліміздің Дүниежүзілік Банк анықтайтын "Мемлекеттік басқару индикаторлары" бойынша қол жеткізген жетістіктері мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 19:58

Кездесу барысында Агенттік төрағасы екінші тараптың назарын Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне аудара отырып, жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті тармақтарымен таныстырды.

А. Шпекбаев Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар жоспарлы түрде енгізіле отыра, пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралар іске асырылып жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде Жан-Франсуа Марто еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктерін жоғары бағалап, «Қазақстан мемлекеттік басқарудың 6 индикаторының ішінен дәл осы жемқорлықты бақылау көрсеткіші бойынша ілгері жетістікке қол жеткізді. Бұл Агенттіктің елдік табыстағы жетекші рөлін айғақтайды. Соңғы екі жылда Қазақстан жемқорлықты тиімді бақылайтын елдер санатына айтарлықтай жақындай отырып, пайыздық дәрежені 19,7%-дан 43,8%-ға дейін екі есеге жақсартты. Бұл қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігін және жемқорлықты жоюға бағытталған нақты әрекеттерді көрсететіні сөзсіз», - деп атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу-профилактикалық жұмыс бойынша цифрлық жүйелерді енгізу, Агенттіктің өзекті жобаларын мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ Орта Азия өңірінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесін тарату мәселелерін пысықтауға келісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: