Жаңалықтар тізбегі
0

Сенаторлар агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 23:47 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Кездесу қорытындысы бойынша проблемаларды шешу және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірленеді және 2020 жылғы 23 қазанда парламенттік тыңдауда айтылатын болды.

Сенат депутаттары агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінде елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 12%-ға артып, 1 629 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар отандық өндірістің ішкі тұтынудағы үлесі 80%-дан асты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2016-2019 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерінің экспорты бір жарым есе ұлғайды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары парламенттік тыңдау қарсаңында ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездескен болатын.

Депутаттар кездесу барысында биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 4,9 %-ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрағаны туралы хабардар болды.

Парламент депутаттары сондай-ақ субсидиялау бағдарламасын дамыту, ауыл кәсіпкерлері үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мүмкіндіктерді кеңейту қажеттігін атап өтті. "ҚазАгро" холдингінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың 9 айында несиелендіру мен лизингті қоса алғанда, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 325,1 млрд теңгеге жетті.

Кездесу қорытындысы бойынша проблемаларды шешу және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірленеді және 2020 жылғы 23 қазанда парламенттік тыңдауда айтылатын болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: