Франция ірі қалаларында комендаттық сағат енгізді
Франция президенті Эммануэль Макрон пандемияға қарсы күресте санитарлық шаралар күшейтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
17 қазаннан бастап ел астанасында және аурудың таралу деңгейі жоғары сегіз ірі мегаполисте сағат 21: 00-ден 6: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі. Атап айтқанда, Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Монпелье, Руан, Тулуза және Сен-Этьен қалалары. Бұл режим кем дегенде төрт аптаға созылады, одан соң үкімет парламентпен ақылдаса отырып, оны 1 желтоқсанға дейін ұзартуы мүмкін.
- Егер осы алты апта ішінде ел тұрғындары санитарлық шектеулерге жауапкершілікпен қарайтын болса және инфекцияның таралуын тежеу мүмкін болса, онда жыл соңынан бастап бұл шараларды біртіндеп жойылады деп сенім білдіруге болады, - деді Макрон.
Оның айтуынша, аурудың тез таралуына достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесулер, туған күн және кешкілік басқа мерекелерді атап өту маңызды рөл атқарады. Кешкі тоғызда барлық дүкендер, мейрамханалар, кафелер, театрлар мен кинотеатрлар жабық болуы тиіс.
Президенттің айтуынша, комендаттық сағат жарияланған кезде қалалардың барлық тұрғындары өз үйлерінде отыруы тиіс.