Қыркүйек айында күтілген инфляциялық деңгей 6,5%-ға дейін төмендеді - Ұлттық банк
Баспасөз қызметі
Оның айтуынша, қыркүйек айында жалақы алушылардың үлесі қалпына келді, сондықтан респонденттердің ірі сомада сауда жасауға деген ниеті артты.
ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский 2020 жылдың қыркүйек айындағы инфляциялық жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қыркүйек айында қазақстандықтардың инфляцияға қатысты қобалжуы күрт төмендеді. Бұған тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері дәлел, - дейді ҚР Ұлттық банкіндегілер.
"Инфляцияны алдын ала бағалау қыркүйек айында тамыздағы 6,9%-дан 6,5%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы және болашақ қаржылық жағдайды бағалау шілде-тамыз аралығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда шамалы теріс болып шықты. Азық-түлік бағасының өсуін атап өткен респонденттердің саны азайды", - деп атап өтті ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский.
Оның айтуынша, қыркүйек айында жалақы алушылардың үлесі қалпына келді, сондықтан респонденттердің ірі сомада сауда жасауға деген ниеті артты. 2020 жылғы қыркүйекте респонденттердің жинақ ақшасының үлесі төмендеді. Сонымен бірге жинақтардың көп бөлігі банктік депозит түрінде сақталуда.
- Болашақ дамуды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағалау оң нәтижеге ие болды, - деп сөзін түйіндеді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript