Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат ЕАЭО елдері үшін кедендік баждардың көлемін анықтайтын заң қабылдады

Atameken Business Channel, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 18:57 Atameken Business Channel
Хаттама арқылы құзіретті органдардың кедендік әкелу баж сомаларын түсіруді және бөлуді дұрыс орындауы анықталады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығыменөткен бүгінгі жалпы отырыста депутаттар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

<!--Quote2Begin-->

<!--Quote2EBegin-->"Еуразиялық экономикалық одақ Елбасымыздың бастамасымен құрылды. Оның жұмысын өркендетуге Мемлекет басшысы да баса мән беріп отыр. Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, экономикалық дамуды, тауар айналымын арттыруды және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Бүгін қабылданып отырған заң жаңа кедендік баждарды белгілеу арқылы жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруға үлесін қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.<!--Quote2End-->

<!--Quote2EEnd-->

ЕАЭО елдері арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлудің жаңа нормативтері туралы депутат Сергей Карплюк айтып берді. Хаттама бойынша Беларусь Республикасы үшін кедендік әкелу баждарын бөлу нормативі көбейтілген. Себебі, Беларусь елінде кедендік баждарды жинау коэффициенті бөлу нормативінен көп. Ал Қазақстан импорттың қазіргі көлемін сақтаған жағдайда сальдо бойынша оң көрсеткішке қол жеткізеді.

<!--Quote2Begin-->

<!--Quote2EBegin-->"Хаттама арқылы құзіретті органдардың кедендік әкелу баж сомаларын түсіруді және бөлуді дұрыс орындауын, олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджет кірісіне аударуын бақылау тәртібі туралы ереже және ақпарат алмасу мәселелері анықталады", – деді Сергей Карплюк.<!--Quote2End-->

<!--Quote2EEnd-->

Сонымен қатар отырыста сенаторлар бірқатар депутаттық сауал жолдады. Сенат вице-спикері Асқар Шәкіров пен депутат Ләззат Сүлеймен тұрғын үй саясатын іске асырудағы проблемаларды көтерді. Еділ Мамытбековтің сауалында өнеркәсіп саясатына, оның ішінде "Өнеркәсіп саясаты туралы" заң жобасын әзірлеуге қатысты мәселе қозғалды. Өз кезегінде сенатор Ольга Булавкина шекара маңындағы ауылдардағы жағдайға назар аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: