Жаңалықтар тізбегі
0

Байбек маңғыстаулықтармен бірге "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

facebook/baibekbk, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58 facebook/baibekbk
Ол мұнда партияішілік праймеризге қатысушылармен, өңірдегі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге сапары барысында Ақтау қаласында болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол мұнда алдымен облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралды. Құрылысы 2008 жылдан бері созылып келе жатқан бұл орталық партия Төрағасы бірінші орынбасарының былтыр шілде айындағы сапарынан соң партиялық бақылауға алынған болатын.

"Заманауи диагностикалық кешеннің пайдалануға берілуі қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында анықтау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қажетті жабдықтарды жеткізу таяу уақытта аяқталады. Орталық ұжымымен кездесіп, жауапты жұмыстарына табыс тіледім", - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58

Бұдан соң партия Төрағасының бірінші орынбасары өңірдегі партияішілік прайремизге қатысушылармен, сондай-ақ жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Бас қосуда партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқылады, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығына озық технологияларды ендіру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, "ҚазАзот" кәсіпорнына бардым. Бұл – қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауытты жобалық қуаттылығын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіруге дейін ұлғайта отырып модернизациялау жоспарлануда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58

Елбасы бастамашылық еткен республикалық "BizBirgemiz" акциясына қатысқандары үшін кәсіпорын ұжымына алғыс айттым. Пандемия кезінде ҚазАзот қызметкерлері облыстағы ауруханалар мен стационарларға кислород баллондарын өтеусіз толтырып беруді қамтамасыз еткен болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:58

"Сондай-ақ, Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың 5-ші кезең аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексердім. Осы төлемдерді қосқанда жыл ішінде Маңғыстау облысында 28 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды, бұлардың қатарында қарт адамдар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар және басқалары бар", - деді Б.Байбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: