Боран, көктайғақ. Алдағы демалыс күндерінің ауа-райы болжамы жарияланды
amic.ru
Ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанады.
Аптаның соңында республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Салдарынан еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа-райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz.
Еліміздің тек солтүстік-батысы мен солтүстік облыстарына Обь шығанағынан келетін циклон әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейіп, ауа температурасының одан әрі жоғарылай түседі. Алайда, 18 қазанда еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда Солтүстік-Батыс антициклонының ауып келуіне байланысты күн суытады. 19 қазанда суық циклон еліміздің орталығы мен шығысына ойысады. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін күрт төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы болады, сондай-ақ кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін деп болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Қазақстанның қалған аумағы жылы болып, көбінесе жауын-шашынсыз болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript