Ескі кадрлармен жаңа Парламент жасай алмаймыз
Желіде журналист Нұргелді Әбдіғани өз ойын айтып жіберді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның ойы мынадай:
Мәжіліс қазақтілді болуы керек! Қазіргі Мәжілісте отырғандардың дені айыртілді, алаөкпелер. Оны өздері де мойындаған, былтыр.
Ескі кадрлар толық кетуі керек! Қазір Парламентте, оның ішінде Мәжілісте "экс-тер" отыр. Экс-әкім, экс-министр, экс-шенеунік т.б. Одан өзге 10 жылдан аса отырған орнында тапжылмай отырған депутаттар бар. Бірнеше мәрте депутаттыққа өткендер. Осылар орнын босатқанда ғана Парламент жаңарады. Орнына нағыз сала мамандары келуі керек! Ескі кадрлармен жаңа Парламент жасақтай алмаймыз!
Зейнеткер депутаттар кетуі керек! Қазіргі парламентті "қарттар үйі" деп атауға әбден болады. Алды 80-нен асқан Косарев, 70-тен асқан Сұлтанов, Сыздықов, Ізмұхамбетов, Қарақұсова, Божколар... 107 депутаттың тең жарымысы зейнеткелер.
Коммунистер кетуі тиіс! Қазақстан коммунистік-социалдық мемлекет пе? Жоқ! Ендеше, Тәуелсіз, демократиялық мемлекеттің Парламентінде компартия неғып жүр?
Сосын, осы 4 жылда есім-сойларын ешкім естімей өткен депутаттар бар. Олар тізімде бар. Ал ел алдына шығып, екі ауыз сөз айтқанын көрмедік. Олардың арасында өз бизнестерінің мүддесі үшін отырғандары қаншама?.. Міне, әуелі осылардан тазаруымыз керек!
Олардың орнына, сала мамандары, жас мамандар келуі керек! Сонда ғана, Елбасы мен Президент айтатын "жаңару" болады!