Қоғам өзгерістерге дайын – Мәжіліс депутаты бірпалаталы Парламент бастамасы туралы

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 15:32 Фото: senate.parlam.kz
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева 2025 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет кулуарында мемлекет басшысының Парламентті бірпалаталы ету бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бүгін президент Парламентті бірпалаталы ету жөнінде реформаны ұсынды.

"Президент осы бастаманы талқылауды жариялады. Өйткені бұл – шынымен де өте маңызды стратегиялық әрі институционалдық реформа. Сарапшыларға берілген бір жыл ішінде бұл мәселе бойынша көптеген пікірлерді еститінімізге сенімдімін", – деді Смышляева.

Депутат бұл бастаманы мемлекеттік басқарудағы бірізді реформа деп атады.


"Мұндай реформа әрқашан өте кемелденген қоғамда жүзеге асады. Бұл – тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін қайта қарау іспетті. Президенттің бүгінгі бастамасы бұған дейін жасалған өзгерістердің негізінде қоғамымыз жаңа құрылымға дайын екенін көрсетеді. Алда өте қызықты пікірталас жылы күтіп тұр. Мен мұндай реформаға дайынмын, өкілді билік жүйесінде көптен бері жұмыс істеп келемін. Бұл өкілді билікті дамытуға жақсы серпін береді", – деп қосты Смышляева.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Парламент реформасы мәселесін қарастыруды ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: