Маңғыстауда І және ІІ деңгейлі инфекциялық стационарларда 64 науқас жатыр

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 30 пайызды құрайды.
Маңғыстауда 26 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 64 адам ем қабылдап жатыр.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 64 науқастың ішінде 6-да коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 6 науқас жатыр. Оның 5-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Үй карантинінде оқшауланған 16 адам бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 30 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript