Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр

ТАСС / Ron Sachs / DPA, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 15:12 ТАСС / Ron Sachs / DPA
Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Елбасы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мансур мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Соңында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: