Стратегиялық жоспарлау агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 18:30 Сурет: zakon.kz
Бұл лауазымды қызметке Нұрболат Айдапкелов келді.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда сайтында.

Бұған дейін Нұрболат Айдапкелов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: