Жаңалықтар тізбегі
0

Түргенде адам құтқарған полицейлерге ауыл әкімі алғыс айтты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2020 18:21 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Түрген ауылдық округінің әкімі Е.Карибаев Алматы облысы ЖПҚ ППБ қызметінің инспекторларына алғысын білдіріп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қиын істе табыс тіледі.

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының қоғамдық қызметкерлері таулы жерде орналасқан учаскеде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 11.00 шамасында әкімдікке қызметкерлердің біреуі ауырып, есінен танып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шақырылған Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік инспекторлары ер адамның эпилепсия ұстамасы бар екенін анықтап, оған қажетті алғашқы көмек көрсеткен. Осы уақытта әкімдіктің жауапты өкілі автожолға шығып, № 48 борттағы полицияның патрульдік экипажын кездестірген. Экипаж болған жағдай туралы біліп, бірден зардап шегушіні дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізуге кіріскен. Сонымен қатар, жол бойында қайта ұстамасы ұстаған науқасқа көмек те көрсеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

Түрген ауылдық округінің әкімі Е. Карибаев әкім аппаратының және жеке өзінің атынан Алматы облысы ЖПҚ ППБ қызметінің инспекторлары полиция капитаны Қ.Н. Теңізбаевқа, полиция аға лейтенанты Б. Б. Тасановқа, аға учаскелік инспектор полиция майоры А. Д. Жақыпбековке, Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары полиция капитаны Е. Даутбековке, А. А. Алимге алғысын білдіріп, ІІМ-нің барлық қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қиын істе табыс тіледі.

"Әкімнің Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры С.М. Кудебаевтың атына қарамағындағыларды лайықты тәрбиелегені үшін алғыс хат жазғаны біз үшін мақтаныш. Қазір аталған полиция қызметкерлері көтермелеуге ұсынылды", - деп толықтырды полковник Ораз Жолдасов.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: