Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда ресейлік турист коронавирустан көз жұмды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2020 20:46 24.kz
Қазір мәйітті елге қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Анталияда ресейлік турист коронавирустың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

60 жастағы ер адам қыркүйек айының соңында Түркияға әйелімен демалуға келген. Бір аптадан кейін оған коронавирус диагнозы қойылды.

Ресей Федерациясының Анталиядағы Бас консулдығы ресейлік туристің коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын растады. Жергілікті билік пен сақтандыру компаниясымен келісе отырып, қазір мәйітті елге қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Ем-дом бойынша жиналып қалған қарыз ақша мәселесі "сақтандыру компаниясы мен сақтандырылған адам арасындағы шарттық қатынастар саласына жатады", - деді Бас консулдық.

Бір күн бұрын Түркияда коронавирус инфекциясы бойынша 2 305 жағдай анықталған, 77 науқас қайтыс болды. Бұл - сәуір айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш, ал өлім-жітімнің жалпы саны 10 мыңнан асты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: