Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы жол апаттарының 30%-ына жылдамдықты асыру себеп

press.lv, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 16:24 press.lv
Елімізде жаяу жүргіншіге қатысты туындайтын жол көлік оқиғалары жиілеп кеткен.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты "Жол активтері ұлттық сапа орталығының" Бас директоры Замир Сағынов Қазақстанда жол жүру мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, 2019 жылы 100 мың адамға шаққанда 10,4 өлім тіркелген екен. Осыдан үш жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген ақпармен салыстырғанда, көрсеткіш 41%-ға төмендеген.

Елімізде жаяу жүргіншіге қатысты туындайтын жол көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Ол 42% көрсеткішпен көш бастап тұр. Жол апатының 30 %-ы жылдамдықты асырусалдарынан орын алуда. Мал басып кету дерегі бойынша, соңғы бір жылда 104 жол апаты орын алған екен. Салдарынан 140 адам жарақат алып, 36 қазақстандық қайтыс болыпты.

Женевада өткен "Жол қауіпсіздігі жаһандық ынтымақтастығы" конференциясында қабылданған "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" нұсқаулығына сәйкес, жылдамдық сағатына 10 шақырымға қысқарса, адам шығынымен аяқталатын жол-көлік оқиғалары 37%-ға кемитін көрінеді.

Осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерттей келе "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" бірнеше ұсыныс енгібек:

· Апат жиі орын алатын учаскілерде тіркеу камераларын орнатып,Әкімшілік полиция комитетінің дерек қорымен біріктіру.

· Автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты анықтау тәсілін енгізу.

· Үй жануарларымен болған ЖКО кезіндегі мәселені заңды негізде нақты механизмдерді бекіту.

· Қазақстан азаматтарына жол қателікті кешірмейтінін түсіндіретін насихат жұмыстарын жиілету керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: