Жаңалықтар тізбегі
0

Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алады

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2020 22:45 Reuters
Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресей Федерациясы азаматтығын алуға өтініш берді, деп жазады centralasian.org.

Бұл туралы ол твиттерде хабарлады:

"Ата-анамызды бірнеше жыл бойы көрмеген соң, әйелім екеуміз баламыздан айрылғымыз келмейді. Сол себепті де біз ресей-америка қос азаматтығын алуға өтініш бердік", - деп жазды Сноуден твиттерде.

2013 жылы Сноуден Ресейді паналауға мәжбүр болды. Бұның алдында ол АҚШ арнайы қызметінің құпия мәліметтерін жариялаған. Онда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әлемнің түрлі елдерінде 35 жоғары лауазымды тұлғаның телефон әңгімелерін тыңдады делінеді.

Пентагон мәліметіне қарағанда, Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Сноуденге рақымшылық жасаудан бас тартты. Президент Дональд Трамп болса оны "сатқын" деп атаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: