Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер үйінен кетіп қалған жасөспірімді тауып, анасына тапсырды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2020 21:18 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бала анасымен ренжісіп, таңғы 07-30 шамасында киімдерін жинап, үйден кетіп қалған екен.

Ескелді ауданының тәртіп сақшыларынан көмек сұраған 12 жастағы жасөспірімнің анасы ұлының белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмағанын хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында 2008 жылы туған бала анасымен ренжісіп, таңғы 07-30 шамасында киімдерін жинап, үйден кетіп қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

"Жасөспірімнің мекенжайын анықтау үшін кеңауқымды іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеу жұмыстарына жеке құрам толығымен жұмылдырылды. Нәтижесінде іздеудегі бала Текелі қаласында тұратын досының үйінен аман-есен табылды. Үйіне жеткізіліп, анасына тапсырылды. Жасөспірімнің ақыл-есінің дамуында ақау бар екенін ескеріп, баламен және оның анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- деді Ескелді ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Нұрлан Солтубеков.

Өз кезегінде "бауыр еті – баласының" аман-есен табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын жаудырды. Жасөспірімнің жақындары қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін мұндай әрекеттің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайтындарын айтып сендірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: